Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды
ХАНОЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ «Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс» атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.