Елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 22 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, дауыл, екпінді жел күтіледі. Солтүстік аумақта түнде қатты жаңбыр жауса, шығыста жауын-шашынсыз ауа рыйы болжанады. Сондай-ақ республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұманды болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.