СҚО диқандары әр гектардан 12 центнерден астық алып жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында егін орағының басталғанына бір апта өтті, осы аралықта барлық алқаптың 18% өнімі жинап алынды. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров күзгі науқанның барысы туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.