Сурет өнеріне ешкім кездейсоқ келмейді - Тәжікстаннан оралған 22 жастағы қандасымыз
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сурет салу - табиғатынан талант дарыған ерекше жандарға берілетін қасиет. Суретшілер әр сәттен, жолай кезіккен әр адамның кескінінен табиғаттың тылсым сырын байқай алады. Сондай қылқалам шеберлерінің бірі - алматылық студент Әзизбек Баратов. Оның қиялынан шыққан әр туындының мағынасы бар. Бүгінде сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, адал еңбегімен нәпақасын тауып жүрген жас жігітпен ҚазАқпарат тілшісі сұхбаттасқан еді.