Чилиде толассыз жауыннан екі адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды
САНТЬЯГО. ҚазАқпарат – Дүйсенбіде Чилидің орталық бөлігінде толассыз жауған жаңбырдан су тасқыны мен көшкін жүріп, екі адам қаза тапты және мыңдаған тұрғын эвакуацияланды. Сол күні қатты зардап шеккен аудандардың біріне барған ел президенті Габриэль Борич ТЖ режимін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.