Алматылық медицина ұйымдарына қосымша 7 млрд теңге бөлінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласының денсаулық сақтау саласына қосымша 7 млрд теңге бөлді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.