Мәжілісмендер Егіндікөл ауданындағы су мәселесін шешуді қолға алды
ЕГІНДІКӨЛ. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская жұмыс сапарымен Егіндікөл ауылына барды. Алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауыз су тапшылығы жөнінде аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп, жұмыс жоспарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.