Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы қалай салынып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аумағы 55 мың шаршы метр болатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыстың 65 пайыздан астамы орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.