Газ баллон жабдығы бар машиналар айыппұл тұрағына жіберіліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жабық паркингтерде газ жабдықтары бар машиналардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен қатар тұрғындарға ондай машиналарды тұраққа қоюға тыйым салынатыны жайлы түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.