Теңге бағамы неге төмендеп жатыр? Ұлттық банк жауап берді
Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов теңге бағамының төмендеу себептері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Валютаның қайтадан құлдырауына кім кінәлі?" - деп сұрады журналистер Пірматовтан Ұлттық банк брифингі барысында.
Осы сұраққа жауап беріп, Ұлттық банк басшысы теңге бағамы өзгермелі екенін, және оны нарық қатысушылары қалыптастыратынын еске салды.
"Теңге бағамы - өзгермелі. Ұлттық банк қандай да бір мақсат, деңгей қоймайды. Оны нарық қатысушылары сұраныс пен ұсыныс және олардың үміттері негізінде қалыптастырады", - деп түсіндірді Пірматов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!