СҚО-да жаңадан салынған асфальт жол ыдырап кеткен
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан салынған асфальт жол ыдырап кетті. Өңір тұрғындары көптен күткен жолдың сапасыз салынғанына налып, шашылған асфальттің фотоларын әлеуметтік желіде таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.