Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Август
2023

Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық жарыстардан 343 медаль жеңіп алды

0

Жамбыл облысының дарынды оқушылары биыл халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 343 медальді иеленді. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Ал, Республикалық олимпиадада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша І орынды иеленген. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің бірыңғай пленарлық панельдік сессиясының облыстық жиыны барысында айтылды. […]

Сообщение Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық жарыстардан 343 медаль жеңіп алды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысының дарынды оқушылары биыл халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 343 медальді иеленді. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды. Ал, Республикалық олимпиадада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша І орынды иеленген.

Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің бірыңғай пленарлық панельдік сессиясының облыстық жиыны барысында айтылды.

Тараз қаласы «Баласағұн» Орталық концерт залында өткен сессияға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, еліміздің әр өңірінен білім саласының қызметкерлері, өңірдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, білім ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымының өкілдері офлайн және онлайн режимінде қатысты.

Алдымен теле-көпір арқылы сессияның ресми бөлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен ашылды.

Президент құттықтауын Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді.

«Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл – еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды басқосу. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы», деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та жаңа оқу жылындағы жаңалықтар мен өзгерістерге тоқталып өтті.

Бұдан соң, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов шараның маңыздылығын баса айтып, облыстың білім саласындағы жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндады.

— Өңірдегі білім беру саласы түрлі бағыттарда дамып келеді. Ең алдымен жыл сайын қаржыландырудың оң динамикасы облыстың білім беру жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік берді.

Білім саласында өзінің ерекшеліктерімен әлемдік деңгейде мойындалған бірнеше халықаралық жобалар бар. Соның ішінде, білім жүйесіндегі танымал сарапшылардың баға беруі бойынша объективті тәуелсіз бағалау жүйесі TIMSS, PISA, PIRLS, ICILS халықаралық зерттеулері болып табылады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша Жамбыл облысы оқушыларының республикадағы көрсеткіштері жоғары деңгейден көрінуде.

Облыстағы орта білім берудегі тәрбие, оқыту үрдістерін дамыту, оқыту сапасын жақсартуға байланысты консультативтік-кеңесші органы,  Директорлар кеңесі, «Ұлағат» педагогтер ассоциациясы құрылды.

Оқу-ағарту министрлігі тарапынан білім басқармалары қызметіне жүргізілген кешенді мониторинг нәтижелері бойынша облыстағы оқу-әдістемелік орталығының іс-тәжірибесі республика көлемінде таратылады. Сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау бойынша да өңірдің оң тәжірибесі республикаға ұсынылды.

Аталған жетістіктер – облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін тағы дәлелдеп отыр,-деді Нұржан Нұржігітов.

Басқосу барысында Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебековаға «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін дамыту туралы»,  Нидерланды, Апелдорн қаласы, Голландиялық сараптама және сертификаттау ғылыми орталығының директоры Арнольд Дж. Бауэр «RCEC (рси-иси) жүйесі бойынша білім беру сапасын бағалау құралдарын аккредиттеу», «Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев «Ұлттық бірыңғай тестілеудің тақырыптық талдауы білім беру сапасының сыртқы бағалау жүйесі құралдарының бірі», «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Айдана Шилібекова «Білім алушылардың білімін критериалды бағалау туралы» тақырыптарында баяндама жасады.

Өзге де бірқатар азаматтардың тақырыптық баяндамалары тыңдалды.

Сообщение Жамбылдық дарынды оқушылар халықаралық, республикалық жарыстардан 343 медаль жеңіп алды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.





Губернаторы России
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу





Москва

ONYX отправляется в Большой тур по России


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

В Москве выбрали лучших педагогов в рамках городского конкурса — Собянин



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Алсу

Стали известны подробности развода Алсу




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Представители KAMA TYRES приняли участие в 57-й легкоатлетической эстафете


Дарья Касаткина

Касаткина о романе Синнера и Калинской: рада, больше ничего не хочу говорить



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России