Талдықорғанда студенттердің атынан 24 млн теңге несие алған комендант сотталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы Талдықорған қалалық соты бірнеше рет жасалған алаяқтық жасап, студенттердің атынан несие рәсімдеген комендант С-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Процесс ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген іс аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.