СҚО-да қай жерде балық аулауға болады – балықшы кеңесі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы көлдерінің көптігінен еліміз бойынша алдыңғы орындарда тұр. Өңірде екі мыңнан астам көл бар. Басым бөлігі мөңке, тұқы, көксерке балықтары кездесетін шағын көлдер. Петропавл тұрғыны, әуесқой балықшы Александр Королев өңірдегі қармақ бос қайтпайтын көлдер жайында, балық аулаудың кейбір құпияларын ҚазАқпарат тілшісіне әңгімеледі.