Астанада құрылыс компанияларының 80% үлескер тартуға лицензиясы жоқ – сарапшы болжамы қандай
АСТАНА. ҚазАқпарат – Баспана нарығы мен бағасына болжамдар елорда тұрғындары үшін әрдайым өзекті тақырып болып қала береді. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі жылжымайтын мүлік жөніндегі халықаралық сарапшы және «Tetin» консалтингтік компаниясының бас директоры Лев Тетинмен сұхбаттасып, Астанадағы тұрғын үй нарығының жай-күйін сұраған еді.