Өмір бойы, ай сайын 500 доллар сыйақы алатын тағы бір жазушы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Mecenat.kz» әдеби байқауы екінші маусымының жеңімпазы анықталды. Өткен жылдың қыркүйегінен биылғы мамырға дейін 103 адам тіркеліп, 58 роман жүктелген. Оның ішінде қазақ тілінде жазылған ҚХР елінен қатысқан бір роман бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.