Онлайн-кредит: қарыз алушыларға арналған нұсқаулық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Онлайн-кредит Қазақстанда күннен-күнге танымал болып келеді, оның өзіндік себебі де бар – оларды оңай әрі жылдам ресімдеуге, ал ақшаны бір тәуліктің ішінде, тіпті бірнеше сағатта алуға болады. Алайда, басқа кредиттер сияқты кредиттің бұл түрінің де күңгірт тұстары бар. Fingramota.kz онлайн-кредиттер жайлы нені білу керектігі және оларды ресімдеу арқылы тығырыққа тірелмеу үшін не істеу керектігі туралы материал ұсынады.