Бір шайқас жайлы
Тауасар мен Амандық батырлардың оқиғасы қалмақтардың орта жүз жерін шапқыншылыққа ұрындырып, көп жерді басып алған шағы екен. Нұраның шығыс жағында Қыземшек деген қос өркешті шоқы бар. Қалмақтар соның етегінен қорған салып, бекініс жасаған екен. Екі шоқының үстіне екі қарауыл қояды. Қазақтар жасағы болса, Нұраның басты жағына келіп орнығыпты.
Арғынның бас батыры Жәнібек Тауасар батырға жүз жігіт қосып беріп, барлауға аттандырады. Олар өзеннен өтіп, жаудың орналасқан жерін түгел біліп алады. Қайтар жолында қалмақтардың қоршауында қалып, еріксіз соғысуға тура келген. Қазақ жігіттері қарсыласып, өлгені өліп, жараланғаны жараланып, аттарынан құлайды. Байқаусызда күрзінің ауыр соққысы тиген Тауасар батырдың өзі де есі ауып, атынан құлап...