Құттығай батыр
Саржала, Құттығай, Шұбар үшеуі құрдас екен, олардың бір-біріне деген сыйластығы, қимастығы ерекше болыпты деп ел әлі күнге аңыз етеді. Ұлы отан соғысының ардагері болған марқұм Жұмағали Айтбаев деген ауданымызда шежіреші қарты болды, ол кісі осы үш батыр туралы көп білетін. Саржала жорықта жүргенде екі ұлы, әйелі қайтыс болады, ол хабарды үйіне жеткізбей алдынан шығып естіртуді құрдасы Шұбар батырға тапсырады, сәлемді Саржала береді екен. Шұбарға «Ассалаумағалайкум» деп амандасқанда, құрдасы «атаңның басы» депті.
«Не болып қалды» деген сауалға:
— Не болсын, Аспаның аспанға ұшты, Зембілің жерге түсті (Аспан, Зембіл Саржаланың қайтыс болған ұлдарының есімі екен), әйелің қасына жатты, — дейді. Сонда Саржала:...