Жапония премьер-министрі жұрттың алаңдаушылығын басу үшін Фукусимадан алынған теңіз өнімдерін өзі жеп көрді
ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония премьер-министрі Фумио Кисида мен Министрлер кабинетінің бірнеше өкілі сәрсенбіде Фукусима префектурасы маңындағы теңізде өндірілген теңіз өнімдерін жеді. Осылайша, премьер-министр Фукусима атом электр станциясынан түсетін судың адам денсаулығына теріс әсері туралы алаңдаушылықты жоюға тырысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.