ЕАЭО-ны дамыту туралы құжат Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынылмақ
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде үкімет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиын кеше, тамыздың 29-ы күні аяқталды. Оның барысына Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы өзара ықпалдастыққа қатысты 40 мәселе қаралды.