С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы “Sagadat Batyr - QTT” спорт клубы мен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, "Еуразиялық бейбітшілік пен келісім" жеке мекемесі және Жастар Рухы ЖҚ " Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар клубы" ұйымдастыруымен бапкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Sport Forum-ын өткізді
Форумды ұйымдастырушы Алматы облыстық маслихат депутаты, С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы спорт клубының негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаров спортты кәсіби деңгейде дамытудағы форумның маңыздылығын айтты.
“Біз дамыған елдердегідей спортқа ғылым ретінде қарау керекпіз. Бұл мәселені әрине өзімен бастағаны дұрыс. Осыған орай бұл форумға Сағадат батыр спорт клубының бапкерлері мен спортшылары және ата-аналардың біліктілігін арттыру мақсатында басын қостық. Алдағы уақытта спортшылардың спорттық мәдениетін қалыптастыру үшін осындай форумдарды жиі өткіземіз”.
Спорт форумның модераторы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы “Sagadat Batyr - QTT” спорт клубының президенті Ерболат Сапарұлы келген қонақтарды таныстырып, жеке-жеке сөз тізгінін ұсынды.
Форумның басты спикерінің бірі Кувейттен арнайы келген қонақ спорт менеджері Абдулла Алдабоус “Спорттық медицина” тақырыбы...