Ulysmedia.kz редакциясы сайттың бұзылғанын мәлімдеді
18 қаңтарда түстен кейін Ulysmedia.kz сайты бұзылып, сайттың алғашқы бетіне бас редактор Самал Ибраеваның жеке деректері жарияланып кетті. Бұл жөнінде Самал Ибраева хабарлады. Жарияланған мәліметтер арасында Самал Ибраева мен оның отбасының құжаттары, суреттері бар. Сәлден соң сайт жабылды. Сайттың бас редакторы Самал Ибраева ақпарат құралдарына таратқан ресми мәлімдемесінде "мұны кім істеген болуы мүмкін" деген сұраққа жауап іздейді. Оның айтуынша, мұндай қоқан-лоқы, шабуылдар былтырдан бері жалғасып келе жатыр. Читать дальше...