Ресми Ташкент Мирзияевтің билігін ұзартатын Конституция қабылданды деп мәлімдеді
Өзбекстандағы референдумның алдын ала қорытындысы бойынша конституциялық өзгерістер қабылданды. Ресми Ташкенттің 1 мамырда таратқан алдын ала қорытынды бойынша, дауыс беруге келгендердің 90,21 пайызы Шавкат Мирзияевтің билігін созатын конституциялық өзгерістерді қолдаған. Өзгеріске сай, елде президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға ұзарып, Мирзияев 2040 жылға дейін билікке отыруға жол ашылмақ. Оның 2026 жылы аяқталатын президенттік мерзімі қысқарып, ол қайтадан екі рет сайлауға түсуге мүмкіндік алмақ. Читать дальше...