Алматы академиясында киберполиция қызметкерлері дайындалады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы киберқауіпсіздік мамандарын дайындайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.