Еліміз үш айда 18,7 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміз 3 айда 18,7 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.