"Жоқты бардай қылып, ойдан құрастырып жазған". Қаңтардан соң бес жылға сотталған Айболдың хикаясы
"Балам Кореяға кетіп қалғанда, бұлай зарлап отырмас едім". Таразда Қаңтар бүлігін "ұйымдастырды" деп танылып, бес жылға сотталған Айбол Сағынтайдың анасы шарасыздықтан осылай деп егіледі. Заңгер оқуын оқып, жұмыс таба алмаған соң, құрылыспен айналысқан Айбол күнкөріс қиындығын айтып алаңға шыққанын ғана мойындайды, ал қалғанының бәрі "жала" дейді. ҮКІМ "Айбол Айдарұлы Сағынтай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігі, 272-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Читать дальше...