ІІМ: Антифрод-жүйенің арқасында алаяқтардың 34 млн қоңырауы бұғатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Өткен жылы полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.