Алғашқы медициналық көмек көрсеткен: Ақтөбеде мектеп оқушысы замандасын өлімнен арашалап қалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 15 жастағы бозбала достарымен суға шомылуға барып, өзен жағасына шыға алмай қалған. Қарсы бетте тұрған Қолқанат Баққұл оны өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.