Қорғалжын қорығы — қоқиқаздардың қиыр солтүстіктегі құтты мекені
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағындағы Қорғалжын қорығы – қоқиқаздардың құтты мекені. Бұл – қызғылт қоқиқаздардың солтүстікте ұя салып, жұмыртқа басатын жалғыз орны. Шетелдік және қазақстандық туристер жыл сайын бұл жерге осы ерекше құсты көру үшін келеді. Алайда қоқиқаз Қорғалжынның жалғыз бренді емес. Мұнда қоқиқаздан бөлек, сирек кездесетін құстардың, жануарлардың және өсімдіктердің бірнеше түрін кездестіруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.