СҚО-да Қожаберген жыраудың 360 жылдығы атап өтілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Биыл «Елім-ай» дастанына 300 жыл толды. Көпке дейін халық әні саналып келген бұл туындының авторы Қожаберген Толыбайұлы екендігі дәлелденді. Солтүстік Қазақстан облысында қолбасшы, ақын, мемлекет қайраткері Қожаберген жыраудың 360 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.