Егін жинау жұмыстарына бөлінген дизель отынының құны 15 пайызға арзан - министр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Егін жинау жұмысына 426 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.