Қызылордада қалалық бағытқа 70 автобус қосылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Бүгінде Сыр өңірінде халықтың қолайлы тұрмысына, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Кеше тұрғындар өтініш-тілегі ескеріліп, тағы да 70 автобус қалаішілік бағытқа қосылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, ардагерлер мен жауапты сала басшылары қатысты.