Алматы прокурорлары балалардың қауіпсіздігіне қатысты 10 істі тергеп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жүргізілген тексерулер балалардың қауіпсіздігі саласында қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсетті. Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам бұзушылықтар, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг фактілерінің анықталуы дәлел. Бұл туралы жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.