Шетелдіктерден алынатын туристік жарнаны есептеу принципі қайта қаралады - министрлік
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристерден міндетті жарна — bed tax енгізілді. Өткен жылы ол алынбады, ал 2023 жылдың басында біздің еліміздің 30-дан астам қалалары мен аудандарында 1% - дан 5% - ға дейінгі мөлшерлемелер бекітілді.