Зілзаладан қаза болғандар саны 46,1 мыңнан асты – Түркия президенті
АНКАРА. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 46 104 адамға жетті. Бұл туралы аталған ел президенті Режеп Тайип Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін жолдаған телеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.