Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінде өрт шықты
Ағымдағы жылдың 1 наурызы кешкі сағат 19.15 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінде өндірістік аймақтағы үй-жайлардың бірінен өрт шықты. Мекеме әкімшілігі кезекші ауысыммен өртті дереу сөндіру шараларын қолға алды. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер тобы шақырылды.
Арнайы контингент пен мекеме қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ.
Бұл ақпараттар кітабында тіркелді.
Өрттің алдын ала себебі-сымдардағы қысқа тұйықталу.
Сообщение Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінде өрт шықты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.