Алматының қоғамдық көліктеріндегі «қояндар» қандай қулыққа барады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері қоғамдық көлікте жол ақысын төлемеген 113 жолаушы ұсталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Омархан Абылайхан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.