Түркияның Адыяман қаласында жер сілкінді
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы 4 наурыз, сенбі күні Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.