Қауіпсіз қала - азаматтардың қауіпсіздікке деген сенімі
Адам өмірі – дүниенің басты құндылығы. «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес, ұлттық қауіпсіздік еліміздің басты мақсаты болып тұр. Соған сүйеніп, мемлекетіміз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жасап жатыр.
Ең әуелі, Қазақстан тұрғындарының бастан кешірген оқыс жағдайлары мен трагедияларын есімізге түсірсек. Бірнеше ай бұрын солтүстік өңірде орналасқан Екібастұз қаласында жылу-электр орталығы істен шыққаны мәлім. Соның зардабын жергілікті тұрғындар шегіп, жарықсыз және жылусыз қалған. Бұл жергілікті басқару органдарының ЖЭО жұмысын дұрыс қадағаламауынан туындады.Сонымен қатар, кезінде қанішерлер де халыққа маза бермей, үрейлерін тудырып жүрген. Олар туралы мәліметті Алишер Утевтің түсірген 5:32 сериалынан көруге болады. Кейбіреулері қамаудан шығып, бостандықта жүр. Ал,...