Хиджама жасату қауіпсіз емес – санитар дәрігер
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Соңғы кезде сәнге айналған дәстүрлі емес ем – хиджама қаншалықты қауіпсіз? Жүз бір емге шипа деп, бас ауырып, балтыры сыздай қалса осы процедураға жүгінетіндер хиджама жайында нені білуі тиіс? Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Гүлнара Жақсылықова ҚазАқпарат тілшісіне ертеден келе жатқан қан шығару тәсілінің қауіпті тұстарын айтып берді.