Биылдан бастап жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы көтерілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеруге қатысты Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.