Қазақстанның Араб елдері жөніндегі зерттеушілері БАӘ-ге шақырылды
АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат –Парсы шығанағындағы Араб елдері жөнінде зерттеу жүргізетін қазақстандық зерттеушілерді Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің 6-9 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.