Отандық дәрі-дәрмектердің ішкі нарықтағы үлесін 50%-ға дейін жеткізу шаралары талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде өндірілген дәрі-дәрмектердің ішкі нарықтағы үлесін 50%-ға дейін жеткізу. Бұл бағыттағы шаралар Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.