Ұлыбританияда заңсыз мигранттарға қарсы заң күшейтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда заңсыз көші-қонды болдырмауға бағытталған заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Алдағы уақытта шекараны рұқсатсыз кесіп өткендермен аяусыз күрес жүргізіліп, қатаң шаралар қолданылмақ. Құқық қорғаушылардың пікірінше, билік партиясының бұл бастамасы этикалық номаларға қайшы. Саясаткерлердің пайымдауынша, жаңа заң қабылданған жағдайда Ұлыбритания Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенциядан шығуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.