ҚАЗІРГІ ТЕАТР САХНАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Қазақ қоғамының қоғамдық санасының көркем формасы саналатын дәстүрлі өнер – ұлтымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы. Әлемге мейманамыз тасып көрсете алатын Ұлы дала елінің бренді. Елімізде дәстүрлі өнеріміздің театр сахынасында дамуына үлкен үлес қосып жүрген бірегей әрі жалғыз театр – “Алатау” дәстүрлі өнер тетарын негізге ала отырып, қазіргі таңдағы тетар сахнасындағы дәстүрлі өнердің даму тенденцияларына тоқталамыз. Келешекке нық қадам басқан «Алатау» дәстүрлі өнер театры өзінің бағыты бойынша Қазақстанда, тіпті Орта Азияда баламасы жоқ бірегей театр. Театр мақсаты – падиша дәстүрлі өнеріміздің қанатын кеңге жаю. Көрермендердің дәстүрлі өнер ордасына деген ынта-ықыластарының күннен-күнге артып келе жатқанын әлеуметтік желілер, баспасөз беттерінен және т.б. көруге болады. Бұл ұлт рухының жаршысына айналған театр үшін ғана емес, күллі қазақ үшін үлкен абырой.
Өнер атаулының ішіндегі ең биігі – театр. Мәдениеттің ошағы саналған алтын орда ел руханиятына қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда бағыттары саналуан театрлар бар. Оның ішіндегі дарасы «Алатау» дәстүрлі өнер театры. Алатаудың баурайындағы, көркі көз тартатын «Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттайтын бірден-бір орда. Дәстүрлі ән, жыр, терме, күйге арналған шығармашылық кештермен қатар, театрландырылған қойылымдар сахналанатын Алатау театрында өтетін әрбір іс-шара өзінше ерекшеленеді.
5 жылдан астам уақыт бұрын ашылған «Алатау дәстүрлі өнер театры» халық жүрегіне, әсіресе жастар жан-дүниесіне дәстүрге деген махаббатты сіңдіруде. Орталық Азияның жалғыз дәстүрлі өнер театры қауым арасында мәдени орталыққа айналғаны сөзсіз айқын. Бұған түрлі спектакльдер,...