Түркияда 4,7 магнитудасымен жер сілкінді
АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 4,7 магнитудасымен жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасынан (AFAD) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.