Шетелдіктер Қазақстанда 8 есірткі зертханасын іске қосуды жоспарлаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткілер өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.