Алаш ұранды "Сарыарқа" газеті
Сарыарқа газеті жайлы
Сонау ықылым заманнан бері қай халықты алып қарасақ та, сол елдің өсіп-өркендеу жолында баспасөз рөлі өте маңызды рөл атқарады. Расымен, тасқа қашалып жазылған әрі сарғайған парақтардағы алтын жазулардың құны мен мәні ешқашан жоғалмайды. Бұл пікіріме тарихымыздан белгілі сонау "Сарыарқа" газеті дәлел бола алады. Бүгінде тамыры тереңде жатқан ғасырдан да ұзақ ғұмыры бар бұл газет Қазан төңкерісі кезінен бері ұлт мүддесі үшін шырылдады. Алдынан кездескен саяси цензураға, түрлі сүрлеу-соқпақтарға батыл түрде қарсы тұрды. Бодан елдің санасына тәуелсіздік рухын сіңіріп, жұртты оятқан “Қазақ” газетімен үндес, бағыттас бұл басылым 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрды. Газеттің жауапты шығарушысы – алаштың ардақты азаматы, соңынан...