Қытайдан Қазақстанға жүк өткізу көлемі үш есеге артты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігі Премьер-Министрдің Қытаймен арадағы шекараның өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында бірқатар шараны жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.